Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда желтоқсан-қаңтар айында карантин күшейтілуі мүмкін - Алексей Цой

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой желтоқсан-қаңтар айында карантиндік шаралар күшейтілуі мүмкін екенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

"Апта сайын мәліметтерді зерттеп, алдағы кезеңдерге де болжам жасап жатырмыз. Қазір көріп отырғанымыздай, Қазақстанда карантин шараларын желтоқсан немесе қаңтар айларында енгізу мәселесі жағдайды қаншалықты бақылауда ұстай алатынымызға байланысты болады. Қазір коронавирус өршіген кейбір өңірде жұқтыру деңгейі төмендеп келе жатқанын байқап отырмыз. Шығыс Қазақстанда мәселен жағдай реттеліп, жұқтыру деңгейінің төмендеу тенденциясын бақылаудамыз", - деді Алексей Цой.

Министр әйтсе де, жұқтыру бойынша өсім болатынын мәлім етті.

"Ең бастысы – жағдайды бақылауда ұстау. Қазір инфекциялық ауруханалар 22 пайызға, жансақтау төсектері 17 пайызға жүктелген. Яғни, резерв бар. Сондықтан қазір уайымдаудың қажеті жоқ. Бәрі бақылауда", - деді ол.

Айта кетейік, коронавирус жұқтырғандар жазға қарағанда әлдеқайда ауыр формамен ауруда. Бұл туралы Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Жанар Мәдеева айтты. 

Талқылау