Қазақстанда жазғы мектеп енді міндетті болмайды
Қазақстанда енді жазғы мектеп міндетті болмайды. Ата-аналар 25 мамырдан кейін балаларының оқуын жалғастыра ма, жоқ па, өздері шеше алады. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігінде мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жазғы мектептің форматы қалыпты сабақтан өзгеше болады деп күтілуде. Үй тапсырмалары болмайды, сондай-ақ икемді сабақ кестесі болады. Инновацияның басты мақсаты – қашықтан оқытудан кейін пайда болған білімнің кемшіліктерін толтыру.
Бұған дейін ведомствода Жазғы мектептер міндетті болады деп мәлімдеген болатын. Бұл ата-аналардың наразылығын тудырды.
- Қазақстанда 2022 жылы мектеп бітіру кештері қалай өткізіледі
- "Қызымның аяғынан тепкен, терісі жыртылып кеткен": Алматы тұрғыны жекеменшік мектеп мұғалімнің қызына қол көтергенін мәлімдеді
“Жазғы мектеп барлығы үшін ұйымдастырылады. Бірақ жағдай әртүрлі болады. Соңғы шешімді ата-аналар мен мектеп оқушылары өздері қабылдайды”, – дейді ҚР БҒМ комитетінің төрайымы Гүлмира Кәрімова.
"Қазақстан аруы" Алина Ри "Ғалам аруында" киетін 30 келілік костюмін көрсетті
Алина Ри: "Қазақстанды алғаш рет әлемнің үздік 30 елінің қатарына қосуды армандаймын"
Шетелден көлік әкелуге қатысты заң өзгерді: Қазақстандықтар нені білуі керек
Қыркүйекте көлік экспорты туралы заң шыққаннан кейін шетелден көлікті қалай әкелеміз?