Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда жануарларды қорғау туралы заң қашан күшіне енеді?

Елімізде жануарларды қорғау туралы заңның жобасы дайындалған. Қазіргі уақытта заң жобасы аясында құзіретті органдар жұмыс жасауда, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы экология, геология және су ресурстары министрі Мағзұм Мырзағалиев онлайн брифинг барысында айтып берді. Оның сөзінше, аталған заң жобасының аясында арнайы талқылау жұмыстары жүргізілгеннен кейін ғана заң ресми түрде нақтыланбақ.

"Жануарларға зиянын тигізгендерге жазалауға қатысты әкімшілік және қылмыстық кодекстерге түзетулер енгіледі. Заң жобасы дайындалды. Біз министрліктің алаңында депутаттармен, қоғам белсенділерімен кездескен болатынбыз. Бұл заң халық арасында кеңінен талқыланды. Қазіргі таңда заң жобасы үкіметке берілді. Үкіметтен келісім алғаннан кейін парламентке жіберіліп, жұмыс басталады", - дейді Мырзағалиев. 

Осыған дейін экология министрі жануарларға қатыгездік көрсеткендерді қылмыстық жауапкершілікке тартуды қолдайтынын айтқан болатын. 

Мемлекет басшысы жануарларға қатігездік танытқандарды қатаң жазалауға шақырды. 


Талқылау