Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы көшелерінде Америкада өмір сүретін жануар жүр

Алматы көшелерінде Америкада өмір сүретін жануардың жүргені туралы ақпарат желіде кең таралып кетті. Бұл туралы бір жұргізуші мәлімдене, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Көлік айдап келе жатқан жүргізушінің алдынан ерекше жануар атып шығып, шидің арасына кіріп, жоқ боп кеткен.

"Сирек кездесетін жануарды қала тұрғыны тапқан. Жануар көліктің алдынан кес-кестеп шыққан. Жүргізуші тез арада көлікті тоқтатып, видеоға түсіріп үлгерген", - делінген Instagram п арақшасындағы жазбада.

ҚР Экология және геология, табиғи ресурстар министрлігі бұл деректі тексеріп жатыр. Министрлік бұл жануардың Қазақстан табиғатына бейім емес екенін, тек АҚШ-та өмір сүретінін айтты. 

"Кіреукей (броненосец) Оңтүстік және Солтүстік Америкада өмір сүретін сүт қоректілер қатарына жатады. Бұл жануар Қазақстанда өмір сүрмейді. Әлеуметтік желіде жарияланған дерекке байланысты қазір тексеру жүріп жатыр", - деді министрліктің баспасөз қызметінен.

Қазіргі таңда жануарға қатысты нақты деректер жоқ. 

Талқылау