Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда жаңартылатын энергия көздерінің бағасы арзандайды

Елімізде жаңартылатын энергия көздеріне бағаның айтарлықтай төмендейтін болады. Бұл туралы үкімет отырысында ҚР энергетика министрі Нұрлан Ноғаев мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Энергетика министрлігі алматылықтардан кешірім сұрады

"Жиынтық қуаты 1,5 ГВт жаңартылатын энергетика жобалары үшін 2018-2020 жылдардағы халықаралық аукциондық сауда - саттық электрондық форматта өткізілді. Соның ішінде 25 аукцион сәтті өткізілді. Сауда-саттыққа 12 елден, яғни Қазақстан, Қытай, Ресей, Түркия, Германия, Франция, Болгария, Италия, Біріккен Араб Әмірліктері, Нидерланды, Малайзия, Испания елдерінен 172 компания қатысты", - деді министр.

Аукциондық сауда-саттық қорытындылары бойынша 58 компания жаңартылатын энергия көздері электр энергиясын бірыңғай сатып алушымен  жиынтық қуаты 1219 МВт-қа 15 жылға арналған келісімшарттарға қол қойды.

"Аукциондық жүйе "жасыл экономика" қағидатына сәйкес жүзеге асырылатын жобалар бағасының айтарлықтай төмендеуіне қол жеткізуге мүмкіндік берді. Жекелеген жобалар бойынша тарифтердің барынша төмендеуі күн электр станциялары үшін – 64%, жел электр станциялары үшін– 30% және гидро электр станциялары үшін 19 пайызды құрады", - деді Н. Ноғаев.

Талқылау