Қазақстанда жаңа көліктер сатылымы екі есе артты
Ұлттық статистика агенттігінің стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі бюросы кәсіпорындарды іріктеу байқауында былтыр бөлшек сауда ұйымдары жаңа автокөліктерді 1,9 триллион теңгеге сатқанын мәлімдеді. Сатылым бір жыл бұрынғы көрсеткіштен номиналды түрде 105% артық. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Бірінші кредиттік бюроға сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: Еlektriauto.ee
Бюро дерегінше, жылдағы көлемнің 60%-ы Астана мен Алматыдан келіп түсті және олар жылдық динамикаға айтарлықтай үлес қосты.
Ұлттық статистика бюросы бірлікте қанша көлік сатылғанын көрсетпейді. Алайда сатылымның көлемін түсіну үшін Қазақстан автомобильдер одағының бағалауын мысалға аламыз.
Одақ 2023 жылы ресми дилерлерден 199 мың жаңа жолаушылар және коммерциялық көліктер сатып алынғанын көрсетеді. Бұл 2022 жылға қарағанда 60% артты.
Фото: Data Hub
Мұнда кәсіпорындардан жеңіл автокөліктерді сату көлемі де 51% өсіп, 363 миллиард теңгеге жетті. Тағы бір жайт, қайталама нарық бөлшек саудаға қарағанда ауқымды. Салалық бағалаулардың нәтижесі бойынша жаңа автомобильдерге сұраныстың артуына байланысты ескі көліктерді сатып алу азайды.
Еске салайық, бұған дейін Астанадағы автокөлік салондарының бірі тұтынушыға 16 миллион теңге қайтарғанын жаздық. Тұтынушы 15 миллион теңге көлеміндегі соммаға автокөлік сатып алған, алайда үш айдан кейін көлік тоқтап қалған. Автокөлік иесі қызмет көрсету орталығына хабарласқан, онда беріліс қорабының дұрыс жұмыс істемеуі ақауы қойылған. Автокөлік сату жағынан бөлшекті жеткізу бірнеше айға созылған. Тауарды қайтару немесе айырбастау туралы шағыммен автокөлік жүргізушісі субагентке автосалонға және өндірушіге наразылық хатын жібереді.