Қазақстанда жаңа банк пайда болмақ
"OnlineKazFinance" микроқаржы ұйымы банкке айналады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Мұндай шешімді 21 маусымда ұйымның жалғыз акционері қабылдаған. Ұйым басшылығының бұл шешімі туралы ақпарат 27 маусымда KASE сайтында жарияланды.
Акционердің шешімі бойынша "ұйымды микроқаржы ұйымынан банкке айналдыру бойынша ерікті түрде қайта құру" жүзеге асырылады. Жаңа екінші деңгейлі банк Solva Bank деп аталады және акционерлік қоғам болады. Ерікті қайта құру аясында банктің бизнес-жоспары Қазақстан заңнамасының талаптарына сәйкес бекітіледі.
Микроқаржы ұйымдарын банкке айналдыру бойынша ерікті түрде қайта құруға рұқсат беру қағидаларын Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 2022 жылғы қарашада бекітті. 2023 жылдың сәуірінде агенттік төрағасы Мәдина Әбілқасымова екі микроқаржы ұйымының банкке айналуға ниетті екенін хабарлаған болатын. OnlineKazFinance (Solva) компаниясынан басқа, KMF микроқаржы ұйымы да осындай ұсыныс айтқан.
"Олардың үлкен портфелі бар және капиталдарының деңгейі банкке айналуларына мүмкіндік береді", – деді Мәдина Әбілқасымова.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік