Қазақстанда ұшаққа алып кіруге болмайтын заттар тізімі жаңарды
Елімізде ұшақта тасымалдауға тыйым салынған заттардың жаңартылған тізімі жарияланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі сайтында жарияланған тізімде көрсетілгендей, бұрынғыдай жарылғыш заттың заряды мен жарылғыш құрылғыларға, оқ-дәрілердің барлық түріне, атыс қаруына, түйрегіш және кесетін қаруға, сондай-ақ басқа да қауіпті заттарға тыйым салынған.
Бұдан бөлек, аталған талаптарға тағы бір тармақ қосылды. Онда багажда тасымалдауға тыйым салынған қауіпті заттар мен нәрселер ескерілген. Соның арасында батареямен жұмыс істейтін портативті электронды темекі құрылғылары бар. Оның ішінде электронды жұқа сигаралар, электронды сигаралар, электронды түтіктер, жеке буландырғыштар қамтылған.
Ұстазының жетекшілігімен цирк әлеміне келген қазақстандық егіз Cirque du Soleil-де өнер көрсетеді
Алексей: "Cirque du Soleil-ге өтінім жіберіп, жауабын 4 жыл күттік"
"Түрлі тағам пісіремін, өкшелі аяқкиім киіп, саяхаттаймын": Желіде боянғанын көрсеткен 90 жастағы қазақстандық әже жұртты сүйсіндірді
Күнсара әже: "10-15 күн сайын моншаға барып, көп кітап оқып, әдемі жүргенді ұнатамын”