Қазақстанда ұн бір жыл ішінде 41%-ға қымбаттаған
Қазақстанда тамыз айында ұн 4%-ға қымбаттап, бір жыл ішінде баға бірден 41%-ға дейін көтерілген. Жеті айдың қорытындысы бойынша еліміздің ішкі нарығында ұн сату 21 пайызға төмендегенімен, экспорт төрттен бір есеге өскен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі energyprom.kz порталына сілтеме жасап.

Ағымдағы жылдың тамыз айының қорытындысы бойынша 2011 жылдан бері бағаның ең жоғары өсу қарқыны айына 4,3%-ға тіркелді.
Өңірлік тұрғыда тамыз айының қорытындысы бойынша ұн бағасының ең жоғары айлық өсуі
- Павлодар (12,8%-ға),
- Жетісу (12,4%-ға)
- Батыс Қазақстан (11,9%-ға) облыстарында тіркелді.
Ал аз көрсеткіште қымбаттаған өңірлер.
- Ақмола (0,3%-ға),
- Ақтөбе (0,6%-ға)
- Солтүстік Қазақстан (0,8%-ға)
"Оңай" картасының ресейлік "Золотая корона" жүйесімен қандай байланысы бар: Алматы әкімдігі түсініктеме берді
"Оңайға" қатысты бірден екі мәселе туындады
Бөтен тойға кіріп, тамақтанып кеткен: Шақыртусыз қонақтар қазақстандықтардың ашуына тиді
Шақырусыз адамдардың тек тойға емес, қаралы асқа да келетінін айтқандар болды