Бүгіннен бастап Қазақстанға вейптерді әкелуге және сатуға тыйым салынды
20 маусымнан бастап Қазақстанда вейптер мен оларға арналған сұйықтықтарды әкелуге, сатуға және таратуға тыйым салынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: imghub.ru
Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті заңға 19 сәуірде қол қойған еді. Заң ресми жарияланғаннан кейін 60 күн өткен соң күшіне енді. Заңда шегуге болмайтын темекі өнімдерін, вейптерді, хош иістендіргіштерді және оларға арналған сұйықтықтарды сатуға және таратуға, оларды жарнамалауға тыйым салынған.
Қылмыстық кодекстің 301-бабы 1-бөліміне сәйкес:
- вейптерді сату және тарату – 200 АЕК дейін айыппұл не сол мөлшерде түзеу жұмыстары, 200 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстар не 50 тәулікке дейін қамауға алу;
- әкелу және өндіру – 2000 АЕК дейін айыппұл не сол мөлшерде түзеу жұмыстары не 600 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстар, бұдан бөлек 2 жылға дейін бас бостандығын шектеу, не сол мерзімге бас бостандығынан айыру;
- егер бұл әрекеттерді қылмыстық топ жасаса, 5000 АЕК дейін айыппұл не сол мөлшерде түзеу жұмыстары, не 1200 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстар, не 5 жылға дейін бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру қарастырылған.
Еске салайық, бұған дейін мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Қазақстанда вейп пен электронды темекінің айналымына тыйым салу туралы шешім шығаруды талап еткен. Ал мәжіліс депутаттары екінші оқылымда вейп таратуды реттейтін заң қабылдады.
"Сот шешіміне дейін пәтерде тегін тұра ала ма": Үй иелері мен жалға алушылар Қазақстандағы жаңа өзгеріске байланысты нені білуі керек
Қожайындар енді екі айлық пәтер ақысын депозит ретінде бірден сұрайды
Қазақстандық оқушы ауа арқылы су тапшылығын жоюдың жолын қалай ойлап тапты: Оның өнертабысына шетел қызығуда
Ол жақында Венадағы БҰҰ штаб-пәтерінде Cleantech Days Forum 2026 форумында әлемнің үздік үш жас өнертапқышының қатарына енді