Қазақстанда вакцинацияның екі кезеңінің арасы ұзартылды
ҚР бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерлан Қиясовтың 30 сәуірдегі қаулысы бойынша вакциналау тәртібіне өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Вакцинацияны екі кезеңмен жүргізеді: ең алдымен 0,5 мл дозада I компонентпен, содан кейін вакцинация күнін есептемегенде 45 күннен кейін - 0,5 мл дозада II компонентпен; бұл ретте 45-ші күнге II компонентпен вакцинация жүргізу мүмкін болмаған жағдайда (демалыс, мереке күндеріне сәйкес келу, басқа елді мекенге шығу және басқалар) вакцинацияны 90 күн ішінде жүргізуге жол беріледі; вакцинацияның осы курсы 2021 жылғы 21 сәуірден бастап "Гам-КОВИД-Вак" вакцинасының бірінші компонентін алған адамдарға енгізіледі", - деп жазылған қаулыда.
Құжат 2021 жылғы 3 мамырда сағат 00-ден бастап күшіне енеді.
Моңғолиядағы қазақ-моңғол дауы неден шықты: Тіл мәселесі неге көтерілді
"Қазақтар болашақта Баян-Өлгейді Қазақстанға қосып жібермек" деген сияқты негізсіз қауесетке ұласып кетті
"Байлықтың жарысы": Қазақстандықтар құдалыққа миллиондап ақша жұмсап, киіт кигізуге қарсы шықты
Айгүл Ғалымжанова: "Шығындарды есептегенде шамамен 15-16 миллион теңге шықты"