Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда үш шетелдік университеттің филиалы ашылады

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек елімізде Астана мен Түркістанда британдық және кореялық университеттер ашылатынын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

универ

Министрдің айтуынша, биыл Қазақстанда үш бірдей шетелдік университеттің кампусы ашылады.

“Үкіметтің арнайы қаулысы негізінде біз шетелдік университеттердің Қазақстанға келіп, ғимаратты өз ақшасына салуына немесе сатып алуына, ағылшын және шетелдік форматта оқытуға рұқсат бере бастадық. Мысалы, қаланың қақ ортасында, Алматыдағы Әл-Фараби даңғылында орналасқан De Montfort университеті. Келесі жылы университеттің алғашқы түлектер оқу бітіреді. Бұл британдық университет стандарттары, форматы, қабылдау және академиялық саясаттары негізінде бакалавр дәрежесін береді”, – дейді Саясат Нұрбек брифинг барысында.

Сондай-ақ ол Қазақстанда Британдық Ковентри университетінің үлкен кампусы ашылатынын атап өтті.

“8 гектар жер бөлінді. Биыл 16 қыркүйекте Астанада британдық Ковентри университетінің кампусы ашылады. Сонымен қатар Оңтүстік Корея президентінің таяудағы сапарынан кейін Түркістанда кореялық Вусон университетінің үлкен кампусы ашылатын болды”, – деді министр.

Бұған дейін Саясат Нұрбек “Мықты университеттердің тізімінде жоқ ресейлік ЖОО-лар не себепті Қазақстанда мамандар дайындайды?” деген сұраққа жауап берген еді. 

Талқылау