AAPL
133.98 $
1.27 %
TSLA
623.71 $
0.46 %
NDAQ
178.7 $
-0.04 %
GOOGL
2446.61 $
0.43 %
FB
339.03 $
2.03 %
FRHC
61.35 $
-0.54 %
AAPL
133.98 $
1.27 %
TSLA
623.71 $
0.46 %
NDAQ
178.7 $
-0.04 %
GOOGL
2446.61 $
0.43 %
FB
339.03 $
2.03 %
FRHC
61.35 $
-0.54 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда уақытша еңбекке жарамсыздық бойынша төлемдер екі есе артпақ

Қазақстанда уақытша еңбекке жарамсыз қызметкерлерге тағайындалатын әлеуметтік төлемді ұлғайту ұсынылды. Ауырғаны бойынша демалысқа шыққандарған берілетін ең жоғарғы төлем 35 АЕК-ке (2021жылы 102 095 теңге) дейін өседі деп жоспарлануда. Бұл туралы жаңа әлеуметтік Кодекстің жобасында айтылған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

больничный

Уақытша еңбекке жарамсыздық парағы бойынша төлем мөлшері келесідей анықталады: орташа күндік жалақы ауруға байланысты өткізіп алған күндер санына көбейтіледі. Сонымен бірге, денсаулығына байланысты уақытша еңбекке жарамсыз азаматтарға төленетін жәрдемақы 15 АЕК-тен аспауы тиіс. 15 АЕК мөлшеріндегі жәрдемақы Халықаралық Еңбек Ұйымының Конвенциясы ұсынған деңгейге сәйкес келмейтіні атап өтілді.

Қызметкерлердің уақытша еңбекке жарамсыздығы бойынша әлеуметтік төлемдердің ең жоғарғы мөлшері 2020 жылы 41 670 теңгені құрады, ал кірістерді ауыстыру көрсеткіші тек 19,8%-ға жеткен. Халықаралық еңбек ұйымының ұсынысы бойынша сырқаттанып, демалысқа шығуға мәжбүр болған азаматтардың жәрдемақысының мөлшері жалақының кемінде 45%-ын құрауы керек.

"Осыған байланысты жұмысшылардың еңбекке уақытша жарамсыздығы бойынша әлеуметтік төлемдердің мөлшерін жұмыс берушілер есебінен 15 АЕК-тен 35 АЕК-ке дейін арттыру ұсынылады", - делінген Кодекстің жобасында.

Еңбек министрлігі еңбекке жарамсыздық парағы бойынша жәрдемақы төлеуді есептеу әдістемесіне өзгертулер енгізу керектігін алға тартты. 

Сонымен қатар, Кодексте жұмыс берушілерді Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметкерлерді міндетті медициналық тексеруден уақытылы өткізуді қамтамасыз етуді міндеттеу туралы көрсетілген.

Әлеуметтік кодекстің тұжырымдамасының жобасы "Ашық мәліметтер" порталында орналастырылған. Еңбек министрлігі тұжырымдама пысықталып, мақұлданғаннан кейін әлеуметтік кодекстің өзін әзірлеуге кіріспек.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр