Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда Түркияның ANKA пилотсыз аппараттары шығарылады

Түркиядағы Türk Havacılık ve Uzay Sanayi AŞ компаниясы ANKA соққы жасауға арналған пилотсыз аппараттарының келешекте Қазақстанда өндірілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі АА басылымына сілтеме жасап. 

АНКА

Компаниядағылар өткен жылы Қазақстанмен пилотсыз аппараттарды жеткізу туралы келісімнің жасалғанын еске салып өтті. 

Анкараға барған Қазақстан делегация іс-сапар аясында TUSAŞ пен Kazakhstan Engineering компаниялары жаңа келісімшартқа қол қойды. Келісімге сәйкес ANKA пилотсыз аппараттары елімізде өндіріледі. 

Пилотсыз аппараттарға техникалық қызмет көрсету мен жөндеу жұмыстары Қазақстандағы ортақ кәсіпорында жүргізіледі. Осылайша Қазақстан ANKA ұшқышсыз аппараттары өндірілетін алғашқы шетелдік мемлекет болмақ. 



TUSAŞ компаниясының бас директоры ANKA дрондарына шетелдік серіктестердің қызығушылық танытқанына қуанатынын жеткізді. 

"Жаңа келісімшарт бауырлас Қазақстанмен арадағы достық қарым-қатынастың әрі қарай нығаюына әсер етпек", –  деді Темел Котиль. 

Айта кетейік, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Түркия президенті Режеп Тайып Эрдоған баспасөз мәслихатын өткізген еді. 

Талқылау