Қазақстанда темекі өнімдері 21 жастан асқандарға сатылатын болды
ҚР Парламентінің мәжіліс депутаттары темікі өнімдерін 21 жасқа толған тұлғаларға сату туралы бастаманы мақұлдады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Қоғамда және депутаттар арасында шылым шегуге шектеу қою мен оның алдын алу мәселелері өзекті болып отыр. Депутаттар шылым өнімдерін 18 жастан емес, 21 жастан асқан тұлғаларға сату керек деген ұсынысты бір ауыздан қолдады. Алкогольдік өнімдер де 21 жастан асқандаға сатылады", - деді мәжіліс депутаты Зәуреш Аманжолова.
Бұған қоса заң жобасында темекі өндірушілері мен импортаушылар жыл сайын шылым өнімдеріне зертханалық тәжірибе жүргізіп, оның құрамындағы никотиннің мөлшерін анықтап, құзырлы органдарға хабарлап отыруға міндетті екені айтылыпты.
"Наурызға 317 млн, ал Жаңа жылға 793 млн теңге": Қазақстанның бас қалалары Наурыз мейрамына Жаңа жылдан екі есе кем қаржы бөлді
Наурыз бен Жаңа жылды тойлауға қанша қаржы бөлінгенін салыстырдық
Қазақстанда 62 жыл бойы не себепті Наурыз мейрамын тойлауға тыйым салынды
Наурыз - діни мейрам, ескіліктің сарқыншағы деген жалған айыптар тағылды