Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда танымал қант алмастырғыш пен тағы 18 тағамдық қоспаны қолдануға тыйым салынды

Қазақстанда 27 ақпаннан бастап 19 тағамдық қоспаларға, соның ішінде стевия тәттілендіргішіне тыйым салу туралы талап күшіне енді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото pixabay

Бұл Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің (ЕЭК) тағамдық қоспалар туралы техрегламентке өзгерістер енгізу туралы шешімінде жарияланған.

Сонымен рұқсат етілген тағамдық қоспалар тізімі 362-ден 349 позицияға дейін қысқарды. Ресейлік тамақ технологиялары және биоинженерия кафедрасының доценті Елена Мясникова қоспалардың денсаулыққа теріс әсерін растайтын терең зерттеулер нәтижесінде шешім қабылданғанын жеткізді.



Стевия тәттілендіретін қоспасынан бөлек, мұнда адамның көзін, терісін және тыныс алу жолдарын жейтін құмырсқа қышқылы (E236) қоспасына да тыйым салынды. Сондай-ақ, шамадан тыс қолданылса күн сәулесіне сезімталдықты жоғарылататын кантаксантин (E161g) бояуы мен қышқылдықты реттейтін аммоний ацетаты (E264) алынып тасталды. Аммоний ацетатының артық дозалануы адамды өлімге дейін әкелуі мүмкін.

Талқылау