Қазақстанда құс етін сумен толтырып қатыруға тыйым салынды
ҚР Технология министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің (КТРМ) төрағасы Қуаныш Елікбаев елімізде құс етін сумен толтыруға тыйым салынғанын мәлімдеді. Сөзінше, құс етін жібіткеннен кейін бөлінетін ылғалдың нормасы 4%-дан аспауы керек деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Құс еті мен оны қайта өңдеу өнімдеріне қатысты жаңа бірыңғай техникалық регламент қолданысқа енгізілді. Мұнда құс етін сумен толтыруға тыйым салу тікелей қарастырылады. Жібіткеннен кейін өнімнен бөлінетін ылғалдың нормасы 4%-дан аспауы керек", - деді Елікбаев.
Комитет төрағасының сөзінше, құс етіне тағамдық қоспаларды, ішінде фосфаттарды, консерванттарды және дәмді күшейткіштерді енгізуге де тыйым салынған.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады