Қазақстанда тамыз айында кейбір депозиттердің мөлшерлемесі өседі
Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры 2022 жылғы тамыз айына жинақ салымдары бойынша максималды мөлшерлемені ұлғайтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Тұрақты депозиттердің тартымдылығын арттыру мақсатында, сонымен қатар қалыптасқан нарықтық мөлшерлемелерді ескеріп, жинақ салымдарының барлық түрі бойынша максималды мөлшерлемелер ұлғайтылды.
3 және 6 айға арналған жинақ депозиттері бойынша мөлшерлемелер сәйкесінше 0,5 т. және 1,0 т., 12 айға жинақ депозиттері бойынша 0,1 т. және 24 айға – 0,2 т. арттырылды.

Депозиттердің қалған түрлері бойынша максималды мөлшерлемелер өзгеріссіз қалды.
Жаңа салық кодексі әлеуметтік кәсіпкерлерді жеңілдіктерден айырды – Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Шетелдіктерге қазақ тілі тесті қаншалықты қиын: ВНЖ-ны кімдер ала алады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі