Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда табиғатқа зиян келтіргені үшін айыппұл көлемі артады

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мырзағалиев Мағзұм табиғатқа зиян келтіргені үшін жазаны қатаңдату туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

 мусор

"Өкінішке қарай, біз табиғатқа деген дөрекі қарым-қатынастың куәсі болдық. Бұл Ақтаудағы итбалықты ұру фактісі, бұл Бурабайдағы қоқыстан жиналған таулар, Алматыдағы жөнделген Ботаникалық бақтағы қирау фактілері, бұл Алматыдағы Первомай бақшаларындағы Қызыл кітапқа енген лотосты сындыру және бұл осының барлығыны Instagram парақшаларында қуана жариялау, бұл қоқыс тастау, табиғатта отжағу. Сондай-ақ ерекше қызғылт Көбейтұз көлінен тұзды алу және сату. Бұл біздің табиғатымызға деген дөрекі және қатал көзқарастың аз ғана бөлігі", - деді министр ОКҚ-дегі онлайн-брифингте.

Мырзағалиев Қазақстанның табиғатына қатысты осындай қарым-қатынаспен күресу үшін  экологиялық білім беруді дамытып, айыппұлдарды көбейтуді жоспарлап отырғанын айтты.

"Екі әдіс арқылы күресу керек. Біріншісі - экологиялық білім беру. Біз халықтың экологиялық ойлауын өзгертіп, балаларға өз мысалында табиғатқа ұқыпты қарауды көрсетуіміз керек, мысалы - қоқысты өзіңізбен бірге алыңыз, оны өртемеңіз, балаларды өсімдіктер мен жануарларға қамқор болуға, табиғат қорғау қызметіне қатысуға, ағаштар отырғызуға үйрету керек. Барлығы балалық шақтан басталады. Сондықтан мемлекет басшысы білім, экология және ақпарат министрліктеріне мектептерде балаларға экологиялық білім беретін жаңа пән енгізуді тапсырды.



Екіншісі - айыппұл санкциялары. Бұл күндері біздің табиғи нысандарымызға келетін туристердің көбеюін көріп отырмыз, бірақ олар өздерінен кейін тау қылып қоқыс тастап кетеді. Бұл тақырыпта әртүрлі пікірлер бар. Кейбіреулер қоқыс жәшіктерін барлық жерде орнатуға шақырады. Бірақ тәжірибе көрсеткендей, біз оларды неғұрлым көп орнатсақ, соғұрлым көп азаматтар қоқыс тастайды", - деп түсіндірді министр.

Оның айтуынша, экология министрлігі ІІМ-мен бірлесіп ұлттық парктер мен демалыс аймақтары бойынша рейдтер өткізеді.

"Біз қоқысқа толы табиғи байлықтарды көргіміз келе ме? Осыған байланысты біз онымен күресуге мәжбүрміз. Осы сенбіден бастап ұлттық саябақтар, демалыс аймақтары бойынша рейдтерге шығамыз. Біз айыппұл салуға мәжбүр боламыз", - деді Мырзағалиев.

"Бүгін мен Президентпен сөйлестім, ол табиғатқа зиян келтіргені үшін жауапкершілікті қатаңдату және айыппұлдарды ұлғайту жағына қарай қайта қарау туралы тапсырма берді", - деп қортындылады министр.

Талқылау