Қазақстанда шетелдік агенттер туралы заң жобасын әзірлеу бойынша жұмыс басталды
Қазақстанда шетелдік агенттер туралы заң жобасы бойынша жұмыс басталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: depositphotos.com
Қазақстанда үкіметтік емес ұйымдар туралы заң жобасын әзірлеу үшін жұмыс тобы құрылды. Бұл туралы бұйрық мәдениет министрлігінің сайтында жарияланды. Айта кетейік, бұған дейін депутат Ирина Смирнова Қазақстанда шетелдік агенттер туралы заң қабылдауды ұсынған еді.
Жұмыс тобының құрамына 38 адам кірген. Олардың қатарында вице-министр Айзада Құрманова, "Қазақстан Азаматтық Альянсының" президенті Бану Нұрғазиева, депутаттар, заңгерлер, қоғамдық қорлар және басқа да өкілдер бар. Алайда, заң жобасын ұсынған Ирина Смирнова бұл жұмыс тобының құрамына кірмеген.
Бұйрыққа сәйкес, аталмыш заң жобасы 1 маусымға дейін әзірленуі қажет. Ал 1 тамызға дейін Әділет министрлігінің жанындағы ведомствоаралық комиссияға енгізу жоспарланып отыр.
Мәдениет министрлігі қазақстандықтарға заң жобасын әзірлеу барысы, негізгі жаңалықтары туралы тұрақты түрде ақпарат берілетінін атап өтті.
Еске салсақ, бұған дейін депутат Қазақстанда шетелдік агенттер туралы заң қабылдауды ұсынды. Алайда әділет министрлігі үкіметтің заңнамалық жұмыс жоспарында "Шетелдік агенттер туралы" заң жобасы жоқ екенін мәлімдеген еді.