Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда шенеуніктерді вакцинациялау наурызда басталады

Қазақстанда жаппай вакцинация көктемнің ортасында басталады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстанда тұрғындарды жаппай вакцинациялау сәуірдің аяғында басталады.  Еліміздің бас санитарлық дәрігері көктемде Қарағандыда ресейлік "Спутниктің" өндірісі айына 600 мың дозаға жететінін айтты.  Бұл азаматтарға жаппай вакцинациялауды бастауға мүмкіндік береді.

"Наурызда біз медициналық қызметкерлерден басқа, мұғалімдер мен құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне де вакцинациялай бастаймыз. Сәуір айында біз вакцинақолдануға ниет білдіретін қалған тұрғындарға біртіндеп көшеміз", - дейді Ерлан Қиясов, ҚР Бас санитарлық дәрігері.

Қазірдің өзінде вакцинаны 20 мыңнан астам адам салдырды. Бірінші кезекте олардың құрамына ковидті жұқтырған науқастармен тікелей жұмыс жасайтын дәрігерлер кірді.  

Наурыздың соңына қарай бұл тізімді министрлер кабинетінің мүшелері мен депутаттар толықтырады.  Оларға сол ресейлік препаратпен вакцина егуді жоспарлап отыр.  Вакцинацияланған азаматтардың саны артқан сайын карантиндік шектеулерді толығымен алып тастау туралы мәселе қозғалады.

Талқылау