Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қазақстанда салафизмге ешқашан тыйым салынбайды": Бекболат Тілеухан салафизм ағымы туралы сөз қозғады

Бүкіләлемдік этноспорт конфедерациясының вице-президенті, экс-депутат Бекболат Тілеухан салафизм ағымы туралы сөз қозғап, оған Қазақстанда ешқашан тыйым салынбайтынын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "Уақыт көрсетеді" бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: Видеодан алынды

Экс-депутат салафизм ағымында жүрген адамдарға дұғасы қабыл болсын деген сөзден артық ештеңе айта алмайтынын жеткізді.

"Алла қабыл қылсын. Мен олардың дініне байланысты ештеңе дей алмаймын. Сақалын, балағын, жүрегін қабыл қылсын. Басқа не айтам!? Сақалыңды ал, балағыңды ұзарт деп ел айтты екен деп айтам ба? Құдай сақтасын. Ол өзінің нанымымен жүр екен, Алла жанын жәннаттан қылсын. Дұғасын қабыл қылсын", – деді экс-депутат. 

Сондай-ақ ол елімізде салафизм, уахабизм идеясына ешқашан тыйым салынбайтынын айтты. 

"Ешқашан тыйым салынбайды. Салафизм деген егер соғысқа шақыру болса, қарсымын. Салафизм егер бүкіл тарихты күстаналайтын болса, қарсымын. Ал өзім ешқандай ағымның өкілі емеспін. Алланың, пайғамбардың жолындамын. Абу Ханифа мазһабын тастай ұстанамын.", – деді Бекболат Тілеухан.  

Айта кетейік, бұған дейін Экс-депутат Бекболат Тілеуханның қазақ мұсылман болмаған деген насихат жүргізіп жүргендерге жауап бергені және Ата-баба әруағына сиыну күнә екенін айтқанын жазған едік. 

Талқылау