Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда "QosLike" және "Қалаулым" телебағдарламаларын жабу туралы петиция жарияланды

Қазақстанда "QosLike" және "Қалаулым" сияқты телебағдарламаларға тыйым салу туралы петиция жарияланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Петицияда  хайп пен бағдарлама рейтингін арттыру үшін қолдан жасалатын жанжалдардың және басқа да келеңсіз әрекеттердің көріністері жиналған жағымсыз эмоцияларды күшейтетіні айтылған.

"Бұл көріністер қазақ отбасының салауатты қарым-қатынасының нормаларына, адамгершілік пен ұлттық құндылықтарға қайшы келеді. Жобаларда тәрбиелік, тағылымды, мағыналық, отансүйгіштік, адамгершілікті арттыратын, игі, жағымды идеялар, мақсаттар мен құралдар жоқ", - делінген хабарламада.

Петиция авторы мұндай шоулардың Түркиядан шыққанын, бірақ ол жақта тыйым салынғанын айтты. Айта кетейік, бұл петицияны бұған дейін де жүздеген қазақстандық қолдаған.

Qoslike – төрт жылдан бері қазақ телевизиясындағы рейтингі жоғары реалити-шоулардың бірі. Жобаның мәні - махаббатпен жұп құру.

Талқылау