Қазақстанда пластик қалдықтарды шығаруға тыйым салынады
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушы "Полиэтилентерефталат қалдықтарын әкетуді реттеудің кейбір мәселелері туралы" бұйрыққа қол қойды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Құжатқа сәйкес, Қазақстан аумағынан пластик бөтелкелер мен пластмасса қалдықтарды шығаруға 6 айға тыйым салынады.
Дәлірек айтқанда:
- сыйымдылығы 2 литрден аспайтын бөтелкелерді, құтыларды және ұқсас бұйымдарды;
- сыйымдылығы 2 литрден асатын өзге де бөтелкелерді, құтыларды және ұқсас бұйымдарды;
- пропилен пластмассаларынан жасалған қалдықтарды, кесінділерді және сынықтарды әкетуге болмайды.
Сауда және интеграция министрлігі Еуразиялық экономикалық комиссияға тыйымның енгізілетіні туралы хабарлауға тиіс. Бұйрық ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
"Қазақстандық өнімді сөреге қойғызбайды": Ақтаудан Алматыға бизнесін дамытуға келген кәсіпкер өндірісін жабуды ойлап жүр
Сөзінше, отандық өнімді қолдамай, оның тауарларына арналған сөре берілмейді.
1 миллион 200 мың теңге: Қазақстанның қай өңірінде мұғалімдер көп жалақы алады
Алматы облысында бір мұғалімнің айлық жалақысы 1 миллион 228 мың теңгеге жеткен