Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда орташа жалақы өсті

Қазақстанда 2021 жылдың І тоқсанында бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 230 829 теңгені құрады. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

жалақы

Атаулы жалақы индексі 2020 жылғы тиісті тоқсанына 115,2%, ал нақты жалақы индексі 107,4% құрады.

"Салалық құрылымда ең үлкен атаулы жалақы тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу – 509,8 мың теңге (орташа республикалық деңгейден 2,2 есе жоғары), қаржы және сақтандыру қызметінде – 420,8 мың теңге (1,8 есеге асты), кәсіби, ғылыми және техникалық қызметте – 345,7 мың теңге (1,5 есеге асты), ақпарат және байланыс саласында – 328,1 мың теңге (1,4 есеге сәйкес). Ең төменгі атаулы жалақы ауыл, орман және балық шаруашылығының қызметкерлерінде – 116,1 мың теңге және сумен жабдықтау; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша -141,8 мың теңге белгіленді", - делінген хабарламада.

Өңірлік бөліністе ең жоғарғы орташа айлық жалақы Атырау облысында тіркелді – 405,8 мың теңге, бұл орташа республикалық көрсеткіштен шамамен 1,7 есе жоғары.

Ал ең аз жалақы Солтүстік Қазақстан облысында болды - 166,7 мың теңгені құрады. Бұл ел бойынша орташа деңгейден 27,8%-ға төмен.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр