Қазақстанда нумерологтардың бір күндік жалақысы 80 мың теңгеден асады
Сандардың қыр-сырын зерттеп жүрген Айдана Кәкен нумерологтардың күндік жалақысы 80 мыңнан асатынын айтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Астана» арнасына сілтеме жасап.

Оның айтуынша, бір нумерологқа болашағын болжату үшін күніне он шақты адам жүгінетін көрінеді.
«170-ке жақын оқушыларым бар. Қазір бес оқушы оқып жатыр. Жарнама жасамаған күннің өзінде маған күніне оннан аса адам хабарласып жатады. Өйткені нумерологияда қыр-сырлары көп. Әр адам әртүрлі түсініп, әрқалай айтуы мүмкін», – дейді Айдана Кәкен.
Нумерологтардан қызмет алу құны – 5000 теңгеден басталып, 100 мың теңеге дейін жалғасады. Олардың көбі дерлігі әлеуметтік желіде дөңгелетіп отыр. Бағасы қанша қымбаттағанмен құнығып отырғандар азаяр емес.
Бірақ дінтанушылардың айтуынша, болашақты болжаудың кез келген тәсілі дұрыс емес. Нумерологияға адамдар сәттілік санын анықтау үшін жүгінеде екен. Соңғы жылдары бұған түпкілікті сенетіндер де артқан.
Талғарда баланы азғындамақ болған ер адам ұсталды: Қыздың анасы істі ешқандай адвокат алмай жатқанын айтады
Талғар қаласында ұрлық үстінде бала зорлауға әрекет жасаған ер адамды полиция ұстады
Өзбекәлі Жәнібеков кім және Қазақстанда оның кесенесі неліктен тарих және мәдениет ескерткіші деп танылды
Реставрацияның мақсаты – кесененің жағдайын жақсартып, сәулеттік келбетін сақтау және ғұмырын ұзарту