AAPL
149.32 $
0.46 %
TSLA
1018.43 $
-0.63 %
NDAQ
201.48 $
-0.01 %
GOOGL
2786.17 $
1.35 %
FB
315.81 $
-3.92 %
FRHC
66.35 $
-0.41 %
AAPL
149.32 $
0.46 %
TSLA
1018.43 $
-0.63 %
NDAQ
201.48 $
-0.01 %
GOOGL
2786.17 $
1.35 %
FB
315.81 $
-3.92 %
FRHC
66.35 $
-0.41 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда неліктен той жасауға рұқсат берілді: Вице-премьер жауап берді

Қазақстанда бүгіннен бастап той өткізуге рұқсат берілді. Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов тойға рұқсат берудің себебін түсіндіріп берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Елімізде бірқатар іс-шараларды өткізуге рұқсат бердік, бірақ қатаң шарттары бар. Біріншіден, шараға қатысушылардың Ashyq-та "жасыл" мәртебесі болуы керек. Біз эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, біртіндеп қалыпты өмірге оралуымыз керек. Салтанатты шаралардың өткізуге рұқсат беру – бұл тек той-томалақ өткізуге ғана қатысты емес. Бірінші кезекте мәселе шағын және орта бизнесті қолдау төңірегінде болып отыр. Ал рұқсат беріліп тұрса, жалпы Қазақстан бойынша барлығы той өткізе алады деген сөз емес. Коронавирусты бақылау міндеті алынып тасталған жоқ. Елімізде салтанатты іс-шараларды өткізу қатаң бақылауда болатынын еске салғым келеді. Қазақстанда КВИ-дің таралуын бақылау мен тоқтату шаралары күн тәртібінен түспейді", – деді Ералы Тоғжанов Үкімет үйінде өткен брифингте. 

Оның айтуынша, апта сайын санитарлық-эпидемиологиялық жағдай зерделенеді, санитарлық талаптарға сай келмейтін тойларды анықтау шаралары жалғаса береді.  

Ал денсаулық сақтау министрі Алексей Цой вакцина салдырған адамдардың көбейіп жатқанын ерекше атап өтті. Соның арқасында ұжымдық иммунитет күшейіп келеді. 

Айта кетсек, 27 қыркүйектен бастап салтанатты, еске алу және отбасылық шараларды (банкет, үйлену тойы, мерейтой) өткізуге рұқсат берілді. 

"Жасыл" аймақта тұрған өңірлерде зал 50%-ға дейін ғана толуы керек, 100 орыннан аспауы шарт.

"Сары" аймақта да 50%-ға дейін, 70 орыннан аспауға тиіс.

"Қызыл" аймақта 50%-ға дейін, 50 орыннан аспауы керек.

Сонымен қатар форумдар, көрмелер, марафондар өткізуге болады.


Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр