Қазақстанда наурыз айында өтетін ҰБТ-ға қатысты маңызды мәлімдеме жасалды

15 ақпаннан бастап наурыз айындағы ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуға өтініш қабылдау басталады. Өтінішті 25 ақпанға дейін тапсыруға болады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Тіркелу тәртібі
ҰБТ-ға тіркелу Ұлттық тестілеу орталығының app.testcenter.kz сайтында немесе UTO қосымшасы арқылы жүргізіледі. Тестілеудің өзі 1 наурыз бен 6 сәуір аралығында өтеді.
Қазақстанда шетелдік университеттерге түсуге мүмкіндік беретін жаңа ҰБТ енгізіледі
ҰБТ-ның 2026 жылға арналған шекті балдары белгілі болды
Наурыз айындағы ҰБТ-ға шартты түрде:
- ақылы негізде күндізгі бөлімге оқуға қабылданғандар;
- өткен жылдардағы мектеп түлектері мен колледж бітірушілер;
- Қазақстан азаматтығы жоқ этникалық қазақтар;
- шетелде білім алған ҚР азаматтары;
- жоғары оқу орнына ақылы негізде түсуге ниетті бітіруші сынып оқушылары қатыса алады.
Өтініш беру кезінде талапкерлер тест тапсыратын орынды, күнін және уақытын өздері таңдайды.
ҰБТ форматы
2026 жылы ҰБТ форматы өзгеріссіз қалады. Талапкерлер бұрынғыдай үш міндетті пән мен екі бейіндік пәнді тапсырады. Тапсырмалар саны – 120:
- Қазақстан тарихы пәнінен – 20 сұрақ;
- Оқу сауаты мен Математикалық сауаттан – әрқайсысынан 10 сұрақтан;
- екі бейіндік пәннің әрқайсысынан – 40 сұрақтан.
Ең жоғары нәтиже – 140 балл.
Айта кетейік, бұған дейін 2027 жылы Қазақстанда ҰБТ форматы өзгертілетіні туралы жазған едік.
Ұстазының жетекшілігімен цирк әлеміне келген қазақстандық егіз Cirque du Soleil-де өнер көрсетеді
Алексей: "Cirque du Soleil-ге өтінім жіберіп, жауабын 4 жыл күттік"
"Түрлі тағам пісіремін, өкшелі аяқкиім киіп, саяхаттаймын": Желіде боянғанын көрсеткен 90 жастағы қазақстандық әже жұртты сүйсіндірді
Күнсара әже: "10-15 күн сайын моншаға барып, көп кітап оқып, әдемі жүргенді ұнатамын”