2027 жылы Қазақстанда ҰБТ форматы өзгертіледі

Фото: Ұлттық тестілеу орталығы
2027 жылы Қазақстанда ҰБТ өзгере бастайды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ғылым және жоғары білім вице-министрі Гүлзат Көбенова биыл ҰБТ әдеттегідей болатынын айтты.
ҰБТ-ның 2026 жылға арналған шекті балдары белгілі болды
ҰБТ түбегейлі өзгереді: Министрлік тестілеуге қандай өзгерістер енгізілетінін айтты
“ҰБТ қазіргі форматында өзгеріссіз қалады және өткізіле береді. Дегенмен біз ҰБТ-ны жетілдіру үшін америкалық компаниямен жұмыс істей бастадық. Бұл кезең-кезеңімен, 2027 жылдан бастап пилоттық жоба ретінде басталып, содан кейін 2029 жылға дейін кеңейтіледі”, – деді ол.
Айта кетейік, бұған дейін Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Ұлттық бірыңғай тестілеудің елеулі өзгерістерге ұшырайтынын айтқан еді.
Еске салсақ, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ-қа сапары барысында ETS бас директоры Амит Севакпен кездесті. Кездесуден кейін ҰБТ әдістемесін және мазмұнын қайта қарастыратын арнайы жұмыс тобы құрылатыны хабарланды.
Ұстазының жетекшілігімен цирк әлеміне келген қазақстандық егіз Cirque du Soleil-де өнер көрсетеді