Қазақстанда мүлік салығын 1 қазанға дейін төлемегендер шот ашу секілді қызметтерді ала алмайды
1 қазанға дейін жылжымайтын мүлік салығын төлемеген мыңдаған тұрғын шот ашып, ақша аудару, несие рәсімдеу секілді қызметтерден қағылуы ықтимал. Әрі төлемді кешіктірген әр күні үшін өсімпұл жүреді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Мемлекеттік кірістер департаментінің мәліметінше, Алматыда 55 мың адам 735 миллион теңгенің салығын төлемеген. Бұл құны 3 миллиард теңгеден асатын 642 мыңнан астам мүлік деген сөз. Оның ішінде тұрғын үй, пәтер, саяжай және гараждар бар.
Оның үстіне өткен жылмен салыстырғанда салық салу нысандарының саны мен бағасы өскен Әсіресе, жаңа нысандар Бостандық ауданында тіркеліпті. Ал төленбеген салықтың негізгі сомасы Медеу ауданының тұрғындарына тиесілі екен. Борыш 315 миллион теңгені құрайды.
Ауылда тұратын математика мұғалімі 3 сағатта шетелдік видеоны қазақша сөйлететін қосымша жасап шықты
Дәуіт Сұраған негізі математика пәнінің мұғалімі
Жаңа вирус па: Қазақстандықтар бұрын-соңды болмаған ауру белгілеріне шағымданды
Маман: "Ауру белгілеріне қарап нақты қандай вирус жұққанын анықтау мүмкін емес"