Қазақстанда мысықтар мен иттердің иелеріне салық салынуы мүмкін
Орман шаруашылығы мен жануарлар әлемі комитеті төрағасының орынбасары Андрей Ким Қазақстанда жануарларға арналған салықтың енгізілуі мүмкін екенін жоққа шығармады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Журналистер брифинг барысында "Германияда иттердің иелеріне арналған салық бар. Қазақстанда чип қою салық салу үшін жасалып жатқан жоқ па?" деген сауал қойған.
Комитет төрағасының орынбасары мұны жоққа шығармады.
"Мұнда қарсы сұрақ қоюға болады. Көп елдерде жануарлардың иелеріне қатаң талаптар қойылған. Мәселен, итті панажайдан алса, күтім жасау үшін тиісті жағдай жасау керек. Жануарға ойыншық ретінде емес, тірі жан ретінде қарайды. Бұл шара қабылдануы мүмкін, сондықтан бұған келгенде салық енгізіледі", – деді Андрей Ким.
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған