Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда тауарды экспорттап, импорттауға лицензияның жаңа түрі беріледі

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі "Тауарлардың жекелеген түрлерін импорттауға және (немесе) экспорттауға лицензия беру" мемлекеттік қызметтерін көрсету қағидаларына өзгерістер дайындады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: dzen.ru

Атап айтқанда, өзгерістерде "тауарлардың жекелеген түрлері" деп үшінші елдермен саудада тарифтік емес реттеу шаралары қолданылатын тауарлардың бірыңғай тізбесіне енгізілген, сондай-ақ "өнеркәсіптік саясат туралы"заңның 60-бабына сәйкес отандық шикізат тауарларының тізбесіне енгізілген тауарлар көрсетілетіні нақтыланды.

Сондай-ақ, отандық шикізат тауарларының тізбесіне енгізілген тауарлардың экспортына лицензияның жаңа түрін алу шарттары қосылды. Құжаттар тіркелген күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде күшіне енеді.

Тыңдау нәтижесі бойынша көрсетілетін қызметті беруші тауарлардың жекелеген түрлерінің импортына немесе экспортына лицензия немесе отандық шикізат тауарларының тізбесіне енгізілген шикізат тауарларының экспортына лицензия береді. Немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тартады.

Құжат 11 маусымға дейін ашық талқылау үшін ашық НҚА сайтына жарияланған.

Талқылау