AAPL
140.52 $
0.11 %
TSLA
658.8 $
4.88 %
NDAQ
147.5 $
0.59 %
GOOGL
2116.1 $
-0.16 %
FRHC
40.13 $
0.96 %
AAPL
140.52 $
0.11 %
TSLA
658.8 $
4.88 %
NDAQ
147.5 $
0.59 %
GOOGL
2116.1 $
-0.16 %
FRHC
40.13 $
0.96 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда коронавирустың таралуы төмендеді

Қазақстанда коронавирустың таралу индексі 9 пайызға төмендеді. Бұл туралы үкімет отырысы барысында ҚР денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"1 тамыздан бастап Қазақстандағы коронавирустың таралу индексі 9 пайызға, 1,11-ден 1,01-ге дейін, Нұр-Сұлтан қаласында көрсеткіш 1-ден, ал Алматыда R саны 19 пайызға төмендеді. Күнделікті мониторингке сәйкес өңірлер шегіндегі төсек-орын жүктемесі осы жылдың 10 тамызындағы жағдай бойынша 328 медициналық нысанда 55 658 инфекциялық төсек-орынды құрайды. Республика бойынша жүктеме 54 пайызды құрап отыр. Инфекциялық стационарлардағы реанимациялық төсек-орын саны 4 969-ды құрайды, жүктеме 45 пайыз", – деді министр.



Оның атап өтуінше, елдегі эпидемиологиялық ахуал ушыққан жағдайға әзірленген тағы 7 419 инфекциялық төсек-орын бар. Қазіргі таңда елдегі төсек орындардың тең жартысы бос емес. 

"Инфекциялық төсек-орындардың ең жоғары жүктемесі Атырау облысы мен Нұр-Сұлтан қаласында – 69 пайыз, Ақтөбе облысында – 65 пайыз, Алматы қаласы мен Жамбыл облысында – 63 пайыз", – деді Алексей Цой.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр