Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Министр Цой коронавирусқа қарсы қайта вакциналау мерзімін мәлімдеді

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ревакцинация, яғни вакцинаны қайта салдыру науқаны мерзімінің қашан басталатынын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Министрдің айтуынша, бүгінде вакцинаны қайта егудің екі түрі бар. Біреуі – шұғыл, екіншісі – жоспарлы ревакцинация. Мәселен кей кезде ұжымдық иммунитетті 60-70 процентке жеткізу үшін шұғыл шараларды қолға алып жатады. Ал жоспарлы ревакцинация жылына бір рет ұйымдастырылады.

"Ревакцинация жоспарда бар. Қазіргі кезде әдіс-тәсілдерін анықтап жатырмыз. Қазақстан вакциналауды сәл кештеу, ақпан айында бастаған. Ал халықтың басым бөлігі маусым-шілде айларында екпе салдырды. Сол себепті бізде антиденелер әлі көп, көлемі жоғары. Шамамен барлығы екінші дозасын алып болған соң, 9 айдан кейін күнтізбеге кіреді", – деді Цой.

Дегенмен, ақпан айында коронавирусқа қарсы вакцина салдырғандарға қазан айында қайта екпе алу қажет болады. 

"Біз үшін ревакцинация қазан айына қарай маңызды болады. Мәселен ақпан айында алғашқы болып вакцина салдырған адамдарға қазан айына қарай екпені қайта салу қажет. Ол шамамен 1 қазан", – деп атап өтті министр.  

Министр бұны әріптестерімен талқылап, кейін ДДСҰ-мен кеңесетінін түсіндірді. Оның айтуынша, негізінен ревакцинация туралы әңгімені вакциналауды былтыр бастаған елдер, яғни АҚШ, Израиль, Ресейде айтқан.

"Дәл қазір вакцина салдырып жатқан адамдардың иммунитеті мықты", – деп түйіндеді Цой.


Талқылау