Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда коронавирусты жұқтырғандар саны 17 адамға өсті

Қазақстанда коронавирусты жұқтырғандар саны 17 адамға өсіп, 325 адамға жетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

коронавирус

Қазақстандағы коронавирус бойынша 31 наурыз сағат 09:40- та коронавирус індетін жұқтырған тағы 17 адам тiркелді, Нұр-Сұлтан қаласында - 2, Алматы қаласында - 9 адам, Қызылорда облысында - 3 адам, Атырау облысында - 1 адам, Ақтөбе облысында -1 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 1 адам.

Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 175 адам, Алматы қаласында – 82 адам, Қарағанды облысында - 13 адам, Ақмола облысында - 10 адам, Атырау облысы - 13 адам, Жамбыл облысында -3 адам, Шымкент қаласында - 2 адам, Шығыс Қазақстан облысында - 2 адам, Алматы облысында - 8 адам, Ақтөбе облысында - 3 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 2 адам, Павлодар облысында - 1 адам, Маңғыстау облысында - 1 адам, Қызылорда облысында - 8 адам, Батыс Қазақстан облысында - 2 адам, жалпы 325 науқас тіркелді.

Талқылау