Қазақстанда коронавирустан көз жұмғандардың саны 70-ке жетті
Елімізде коронавирус індетінен тағы 2 науқас көз жұмды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Павлодар облысында - 1956 жылы туған әйел адам мен Маңғыстау облысында - 1966 жылы туған ер азамат ауыр инфекция салдарынан көз жұмды.
⠀
Өлім нәтижелерін зерттеу жөніндегі комиссия бұл жағдайларды коронавирустық инфекциядан қайтыс болған деп тіркеуге шешім қабылдады.
⠀
Қазақстан бойынша барлығы 70 адам қайтыс болды.