Қазақстанда коронавирусты емдеу хаттамасы 11 рет өзгертілді
Қазақстанда коронавирусты емдеуге арналған хаттама 11 рет өзгертілді. Бұл туралы жұқпалы аурулар жөніндегі дәрігер Тамара Утаганова Алматыда өткен онлайн-брифингте айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Маман жаңа емдеу хаттамасы туралы айтып берді. Ол жаңа хаттамаға қосылған препараттарға тоқталып, емдеу жолдарының не себепті өзгеріп жатқанын жеткізді.
"Коронавирусты емдеу және диагностикалау туралы хаттама өзгерді. Бұл біз қолданатын 11-ші шығарылым болып саналады. Біз хаттаманы тәжірибе жинағаннан кейін, әлемдегі әріптестерімізбен пікір алмасу арқылы өзгертіп отырмыз. Біз қазір вирусқа қарсы терапияны хаттамада қарастырдық, енді ремдесивир, фавипиравир хаттама құрамына кіреді. Гидроксилохлорохин және лопиновир шығарылған, дегенмен бұл ДДҰ ұсынған препараттар", - деді дәрігер.
Қазақстанда күз келсе де күн неге жаздағыдай жылы: Cиноптиктер себебін айтты
Әлемдік климат тұрғысынан 2026 жылдың соңы мен 2027 жылдың алғашқы айлары маңызды кезең болмақ
Алматыдағы "Достық Плаза" маңынан түлкі байқалды: Зоолог мұның қалыпты жағдай екенін айтты
Зоолог Алексей Грачев түлкілер түрлі аурулардың, соның ішінде құтырудың тасымалдаушысы болуы мүмкін екенін де ескертеді