Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцинацияны видеоға түсіреді
Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцинацияның барлық процесі видеоға түсіріледі. Коронавирусқа қарсы вакцина салынатын барлық арнайы емдеу бөлмелері камералармен жабдықталады. Олар қалалық және аудандық ауруханаларда ашылады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Астана" арнасына сілтеме жасап.

Телеарна мәліметінше, дәрігер тексергеннен кейін азамат коронавирусқа қарсы екпе салдыруға жіберіледі, процесс камера объективінің алдында өтеді.
Сонымен қатар, бөлмелерді вакцинадан кейінгі бақылау аймағы және шұғыл медициналық көмек аймағы қарастырылған.
Еске сала кетейік, Қазақстанда ресейлік "Спутник V" препаратының вакцинациясы 1 ақпаннан басталады.
Ал отандық QazCovid-in препаратының вакцинациясын сәл кейін бастау жоспарланып отыр. Қазір ол сынақтың үшінші сатысынан өтіп жатыр.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бір киіз үйді 13,5 миллион теңгеге сатып алған
Алайда дәл осы кезеңде Қазақстанның басқа өңірлерінде киіз үйлер әлдеқайда төмен бағамен сатып алынып жатыр
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі