Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда көпбалалы аналарға жәрдемақы бермей, жұмысқа шығуға міндеттейді

2018 жылы аз қамтылған отбасыларға берілетін жәрдемақы қызметі өзгереді. Бұдан былай, егер отбасында табыс табатын бір адам болса, ол отбасыға жеңілдіктер қарастырылмайды.

Без названия

 

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Көп балалы ана Гүлім Болатжан Жамбыл облысынан бір жыл бұрын келген. Күйеуі ішімдікке салынып, балаларын ұратын болған. Алматыда оның туыстары жоқ. Ешкім қарайласпайды. Бір ғана табысы – төрт баласына айына алатын 8 мың теңгесі.

Гүлім жеке үйлердің бірінде пәтер жалдап тұрады. Оған қайырымды жандар мн мешіт қызмткерлері көмектеседі. Онымен қызының эпилепсия дертімен ауырады.

“Емханада қалалық мекен-жайымыз болмағандықтан тегін қарамайды. Қызымның бір дәрісі 3 мың теңге тұрады. Мен жұмыс істемеймін. Балаларым тоғыз жастан асқан. Ең кішісі 3 жаста”, – дейді көпбалалы ана.

Енді көпбалалы ана осы 8 мың теңгенің өзін ала алмайтын болып тұр. 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап әлеуметтік жәрдемақыны шартсыз және шартты деп екіге бөліп қарастырады. Шартсыз жәрдемақыны отбасында табыс табатын адамы жоқ отбасы алады. Ал, шартты жәрдемақыны отбасында табыс табатын бір адам болса, онымен келісім жасалып, еңбек етуге міндеттейді. Олай болмаған жағдайда, ақша берілмейді.  

“Көпбалалы, аз қамтылған, кедей тұрмыстағы отбасыларға жәрдемақының орнына жұмыс беріледі. Олар квалификация біліктілігін көтеріп, қоғамдық жұмыстарға араласуы керек. Осылайша белсенділігін арттырып, отбасын асырауға мүмкіндік береміз”, – дейді Алматы қаласындағы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бас маманы Мақсат Көпеев.

Жалақысы 13 мыңнан көп болған жағдайда да жәрдемақыдан айырады.

Әйелдер құқығын қорғаушылар ұйымының белсенділер мұның ел демографиясына кері әсер ететінінай айтады. Сондай-ақ, жұмыс берушілер көп балалы аналарды жұмысқа қабылдауға құлық таныта бермейді.

Қазақстанда 240 мың көпбалалы ана бар. Егер келесі жылдан бастап көпбалалы аналар жұмыс істей алмайтын болса, оларды жәрдемақысынан айырады.

Гүлім Болатхан жұмысқа қуана шығатынын айтады. Алайда балаларын қарайтын ешкім жоқ. Балабақша мен күтуші жалдау қымбатқа түседі. Ол жәрдемақыдан айырса, немен күн көретінін білмейді.

Жіберіп алмаңыз:

11 жасар Балғынбек тоққа түсіп екі қолынан бірдей айырылған (видео) 

Әлеуметтік маңызы бар тауарлардан қой еті мен шай алынып тасталды

Жоқшылық көрген отбасы Шымкенттен шалғайда елсіз даладағы үйшікке кіріп алған (фото)

Талқылау