Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әлеуметтік маңызы бар тауарлардан қой еті мен шай алынып тасталды

Қойдың бағасы бақылау болмайтындықтан қымбаттап жатқан сияқты. Еліміздің үкіметі осы түліктің етін әлеуметтік маңызы бар тауарлар қатарынан  алып тастаған. Ал тізімді Ауыл шаруашылығы және Ұлттық экономика министрліктері дайындапты, деп хабарлайды КТК.

Без названия

“Адам басына шаққанда  жылына 60 келі  ет тұтынады екен. Оның ішінде қой еті 7 келіге жетпейді, 10 пайыздай. Қазір сиыр еті мен тауық еті. Сондықтан бұл екеуі де сол тізімде қалды”, — дейді ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Төлеутай Рахымбеков.

Әлеуметтік маңызды тауарлар тізімінен қой етінен  бөлек, шәй, қызылша және түрлі дәнді дақылдар да түсіп қалған. Бірақ елімізде шәйға деген сұраныс артпаса, төмендемеген. Тек оның нарықтағы  түрлері сан алуан болғандықтан, шенеуніктер шәйдің бағасын бақылаудан бас тартып отыр. Ал тұрғындар жылына 100 келі көкөніс тұтынады екен. Бірақ қазақстандықтар қызылшаны аса жей бермейтін көрінеді. Сондықтан ол да тізімде жоқ.

Жалпы, бұған дейін әлеуметтік маңызды азық-түліктердің қатарында  33 түрлі тауар болған. Биыл жаңа тізім бойынша олар 19-ға қысқарыпты. Айта кетейік, әлеуметтік маңызы бар деп саналатын азық-түліктерді әкімдік үнемі бақылауда ұстап отырады. Егер олардың бағасы қымбаттаса, бірден шара қолдануы тиіс.

Жіберіп алмаңыз:

Елімізде әуебилеттерінің бағасы арзандайды

Елімізде электр энергиясы арзандауы мүмкін

Қазақстандық банктер депозит мөлшерлемесін тағы да төмендетеді

Талқылау