Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Электр энергиясы арзандауы мүмкін

Мәжіліс депуттары электр энергетикасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

9489407

Бұл туралы Sputnik хабарлайды.

Энергетика министрі Қанат Бозымбаевтың айтуынша, заң жобасының басты мақсаты өңірлік энергия желілері мен компанияларын ірілендіру болып отыр.

“Біз бұл заң жобасы арқылы оларды өңірлік энергетикалық компаниялармен немесе өзара бірігуге ынталандырамыз. Егер қарапайым тұтынушыға электр энергиясын жеткізудің бес емес, төрт немесе үш деңгейі болса, заңды тұлғалардың тарифының саны азаяды. Бұл тұтынушыға жететін энергияның тарифы да төмендейді деген сөз”, — деп түсіндірді Бозымбаев мәжіліс отырысынан кейін тілшілерге.

Сонымен бірге, оның атап өтуінше, заң жобасы электр энергиясымен жабдықтаудың сапасын жақсартуға бағытталған. Құжатта энергия таратушы компаниялар үшін қатаң талаптар қарастырылған.

“Айталық, келесі жылдан бастап еліміздегі барлық энергия беруші ұйымдардың диспетчерлік басқаруы болуы тиіс. Бұрынғыдай станция салып, желі тартып, сосын оны ұмытып кету деген болмайды. Дайындықтан өткен техникалық персонал болу керек. Техникалық қауіпсіздік пен басқа да мәселелер бойынша қызметкерлер ұдайы оқытылуы қажет”, — деді министр.

Заң жобасындағы тағы бір маңызды жайт — қараусыз қалған электр желілері мәселесін шешу.

“Бірқатар облыста қараусыз қалған желілер бар, оларға ешкім жауап бермейді. Бұл жағдай осы желілерге қосылған тұтынушыларды энергиясыз қалдыру қаупін тудырады. Жергілікті атқарушы органдардың соңғы мәліметтері бойынша иесіз қалған желілердің ұзындығы 2 110 километрді құрайды, сонымен қатар 631 қараусыз трансформациялық станция бар”, — деді Бозымбаев. Заң жобасында энергия таратушы ұйымдарды иесіз электр желілерін қабылдаған жағдайда корпоративтік табыс салығы мен мүлік салығынан босату және табиғи монополиялар саласындағы заңнамада көзделген тыйым салуды алып тастау қарастырылған.

Жіберіп алмаңыз:

Зейнетақы қорында қанша қаражатыңыз бар екенін білесіз бе?

Сәуірден бастап кез келген кәсіпті ашуға несие беретін жаңа бағдарлама жарияланады

Сарапшылар теңгенің болашағына қатысты болжам жасады

Қазақстандық банктер депозит мөлшерлемесін тағы да төмендетеді

Талқылау