Қазақстанда көліктердің мемлекеттік нөмірін алу уақыты қысқарды
Қазақстанда көлік құралдарына мемлекеттік нөмір алудың мерзімі қысқартылды. Бұл туралы ішкі істер министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Тоғыз ірі облыс орталықтарында және республикалық маңызы бар үш қалада көлік құралдарының мемлекеттік тіркеу белгілерін шығаратын жаңа станоктар орналастырылды. Төрт станок Нұр-Сұлтан мен Алматыда, екеуі Шымкентте орнатылды.
«Нөмірлік белгілерді шығару және жеткізу мерзімдері айтарлықтай қысқарады, сонымен қатар олардың өндірісі нақты қажеттілікке байланысты реттеледі. Нөмірлердің көшірме нұсқаларын шығару уақыты 15 күннен 5 жұмыс күніне дейін қысқарды. Егер бұған дейін елде тек екі станок болған болса және нөмірлік белгілер тек Нұр-Сұлтан мен Алматыда ғана шығарылған болса, қазір 12 аймақта осындай 18 станок бар», - деді ІІМ.
Ішкі істер министрлігінің мәліметі бойынша, елімізде күніне 10 мыңға жуық автокөлік тіркеледі.
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"
"Туған күнімді үкімет жасап береді": Наурызды ерекше атап өтетін қазақстандықтар қызық оқиғаларын бөлісті
Наурыз: “Есімім Наурыз, 22 наурыз туған күнім”