AAPL
142.94 $
-2.14 %
TSLA
730.17 $
-3.86 %
NDAQ
190.98 $
-1 %
GOOGL
2774.39 $
-1.48 %
FB
355.7 $
-2.47 %
FRHC
60.16 $
-2.23 %
AAPL
142.94 $
-2.14 %
TSLA
730.17 $
-3.86 %
NDAQ
190.98 $
-1 %
GOOGL
2774.39 $
-1.48 %
FB
355.7 $
-2.47 %
FRHC
60.16 $
-2.23 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда көлік сақтандыруды қайдан және қанша теңгеге рәсімдеуге болады

Ұлттық статистика бюросының мәліметтеріне сәйкес, өткен жылы елімізде 13 515 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Жолда болатын мұндай жазатайым оқиғалардан ешкімнің сақтандырылмағаны да даусыз. Ал кез келген адам үшін жеке көлігі – келеңсіз жағдайлардан сақтап қалғысы келетін байлығы іспетті. Осы орайда Stan.kz тілшісі еліміздегі сақтандыру компанияларының қызметіне үңіліп, тиімді және тиімсіз жақтарын саралап көрді.

Кей сәттерде тіпті тәжірибелі жүргізушілердің өзі күтпеген жерден орын алатын "тосын сыйларға" дайын болмай жатады. Мұндай кездерде созылатын көмек қолы мен материалдық қолдаудың да болғанын қалап тұрамыз. Және осындай ықтимал салдарын азайтуға және көлік жүргізу кезінде сенімді болуға уақытылы жасалған сақтандыру көмектеседі.

Көлік сақтандырудың түрлері қандай? 

Автокөлікті сақтандырудың түрлері әртүрлі болып келеді. Елімізде бұл терминдер қатарына үш сақтандыру өнімін қоса аламыз. Олар – транспорт иесінің міндетті азаматтық-құқықтық жауапкершілігі (ОГПО ВТС), автокөлік иесінің ерікті азаматтық-құқықтық жауапкершілігі (ДГПО АВТЛ) және ерікті автосақтандыру (КАСКО). 

Міндетті сақтандыру (ОГПО) – егер сіздің көлігіңіз болса онда сақтандырудың бұл түрі сіз үшін міндетті болып саналады. Атаулы сақтандыру сіздің кінәңізден соқтығысқан көлік иесінің алдындағы жауапкершілікті сақтандырады. Бұл сіздің шығындарыңызды өтемейді, бірақ сіздің қателігіңізден туындаған мүлікке, өмірге және денсаулыққа келтірілген залалдың салдарын өтеуден босатуға кепілдік береді. Сақтандыру төлемі белгілі бір схемаға сәйкес жүргізіліп, бөлшектердің орташа құны мен олардың тозуы ескеріліп барып беріледі.

Ерікті сақтандыру (КАСКО) - бұл жерде өзіңіз шешім шығара аласыз, себебі бұл апатқа кім кінәлі екеніне қарамастан, сіздің көлігіңізге келтірілген шығынды жабатын ерікті сақтандыру түрі. Басқаша айтқанда, КАСКО болған жағдайда жүргізуші кез келген жағдайда өтемақы немесе көлікті жөндеу мүмкіндігі ретінде қаражат ала алады. Мұндай сақтандыру жол-көлік оқиғалары немесе басқа оқиғалар салдарынан болған ұрлық пен залалды да өтейді. Сондықтан, еліміздегі көптеген мамандар осы аталған сақтандыру түрін қолайлы әрі қажетті деп санайды. 

Ұлттық банктің дерегі бойынша 2020 жылы қазақстандықтар сақтандырудың осы үш түрі бойынша 26,3 млрд теңге өтемақы алған. 

Қазақстандық жүргізушілер арасында танымал сақтандыру саласының өкілдерінің айтуынша ең тиімді сақтандыру түрі - КАСКО. 

Оның басымдығы сонда, сіз көлік оқиғасында өз жауапкершілігіңізді емес жеке көлігіңізді сақтандырасыз. Тиісінше сақтандыру оқиғасы орын алған жағдайда сіз кінәлі тарап болсаңыз да компания тарапынан көмек сыйақысын аласыз. 

Тиімді сақтандыруды қалай таңдаған дұрыс?

Елімізде көлік құралдарының көптігінен оларды сақтандыратын компаниялардың да қанат жайып келе жатқанын айтып өттік. Ең бастысы, оларды таңдауда қателесіп қалмау қажет. Интернеттегі жылтыр жарнамалардан бөлек осы саладағы сарапшылардың ақылымен санасып, ғаламторда жазылған пікірлерді оқып барып компаниямен келісімге отырған дұрыс деп санайды мамандар. 

Біз де өз кезегімізде бірнеше сақтандыру компанияларына арнайы сауал жолдаған болатынбыз. Алған жауабымызды сіздерге ұсынамыз.

Сақтандыру компаниясын таңдауда қандай артықшылықтарға иек арту қажет?

Сақтандыру компаниялар тарапынан берілетін ұсыныстар бағалары бойынша бір бірінен өзгешеленбейді. Алайда атаулы компаниялармен келісімге отыру кезінде назарды қайда аударуымыз қажет? Бастысы компанияның жасында. Компания бұл нарықта мейлінше көп уақыттан бері қызмет атқарып келсе, оның орны да барынша нық деген сөз. Сонымен қоса сақтандырудың қосымша түрлері. Қалыпты даму үстінде келе жатқан компанияның бір орнында тұрып қалмай, әртүрлі сақтандыру түрлерін ұсынатыны белгілі. Мысалы, бүгінгі қазақстандық нарықта бірқатар жаңалықтарды көруге болады: олардың қатарында сақтандыру телематикасы, GAP сақтандыру және т.б. түрлері бар. Қарқынды дамып келе жатқан компанияны табу үшін, өткен жылдың деректерімен салыстыра отырып, жиналған сақтандыру сыйақыларының көлемі сияқты көрсеткішке назар аудару да артықтық етпейді. 

Көлікті сақтандыру үшін өзіңізбен бірге қандай құжаттар болуы керек?

Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру полисін сатып алу үшін сақтандыру компаниясына келген кезде өзіңізбен бірге мына құжаттар болуы қажет:

1. Көлік құралының тіркелгені туралы куәлік;

2. Сақтандыру полисіне енгізілетіндердің жеке басын куәландыратын құжаттар;

3. Сақтандыру полисіне енгізілетін жүргізушілердің барлығының жүргізуші куәлігі. 

Көлік сақтандырудың құны қанша?

Жасыратыны жоқ, еліміздегі көп жүргізушілер міндетті көлік сақтандырудан басқа түрлерін қажет деп санамайды. Көлік иелерінің біршамасы мұны сақтандыру компанияларының қызметтер бағасының қымбат екендігімен байланыстырып жатады. Сонымен қатар, елімізде сақтандыру салалары онлайн түрде өз жұмыстарын ұсына бастауы - бұл қызмет арасында алаяқтыққа жол ашып соның салдарынан халықтың дені үрейленіп қалғанын да жасырып қала алмаймыз. Осы ретте жоғарыда көрсетілген сақтандыру компанияларының бағаларына шолу жасап, тиімді мүмкіндіктерді назарларыңызға ұсынуды жөн санадық.

Сонымен қоса, аталған сайттарда сіз өзіңізге қажетті сақтандыру түрін сізге тиімді уақытқа таңдап ала аласыз. Және бұның барлығы жүргізуші мен жолаушылардың амандығын қамтамасыз ету үшін жасалған алғышарттар екенін тағы бір естеріңізге салып өткіміз келеді.

Жоғарыда көрсетілген бірнеше сақтандыру мекемелерінің өткен жылғы көрсеткіші қысқаша осындай. Көлікті сақтандыру тек темірдің өлшемін шығару ғана емес адам тәнінің амандығын да басты қатарға қоятынын ұмытпағаныңыз дұрыс. Темір тұлпарыңызды дұрыс сақтандырсаңыз, артық шығыннан да аулақ жүресіз. Оқыңыз, ой түйіңіз, оқырман!

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр