Қазақстанда қызметінен босатылған депутаттардың орнына сайлау қашан өтетіні белгілі болды
Орталық сайлау комиссиясы Қазақстанда қызметінен шығып қалғандардың орнына мәслихат депутаттарын сайлау қашан өтетінін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: freepik.com
Комиссия қызметінен шығып қалғандардың орнына мәслихат депутаттарын бір мезгілде сайлау өткізу күнін бекітті. Қаулыда ол желтоқсан айында болатыны көрсетілген.
"2024 жылғы желтоқсанның екінші жексенбісінде қызметтен кеткендердің орнына мәслихат депутаттарының сайлауын бір мезгілде өткізу күні келісілсін.
Тиісті аумақтық сайлау комиссиялары мәслихат депутаттарын сайлауды тағайындау кезінде жоғарыда көрсетілген келісілген күнді басшылыққа алсын", - делінген құжатта.
Осылайша, қызметтен шығарылғандардың орнына мәслихат депутаттарын сайлау 8 желтоқсанда өтеді.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады