Қазақстанда кинотеатрларды ашу жоспарлануда
Қазақстанда кинотеатрлар ашылуы мүмкін. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Біз кинотеатрлардың жұмыс жасауына мүмкіндік беру үшін жұмыс істеп жатырмыз. Қазір біз "Атамекен" кәсіпкерлер палатасымен жұмыс жасай отырып, бағалаймыз. Кинотеатрлардың театрлармен ұқсастығы бойынша нақты ұсыныстар бар. Қазір бұл жұмыс жүргізіліп жатыр", - деді министр журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып.
Қыркүйек айында қазақстандық кинотеатр иелері қауымдастығы олардың бизнесі банкрот болудың алдында тұрғанын мәлімдеді. Болжам бойынша, төтенше жағдай мен карантин кезеңінде олар 15 миллиард теңгеге жуық табысынан айырылған.
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған