Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

15 миллиард ақшадан айырылып қалдық: Қазақстандағы кинотеатр басшылары не істерін білмей дал болды

Кинотеатр иелері бизнестерінің құрдымға кеткенін айтты. Карантиндік шаралар жеңілдетілгеннен кейін де кинотеатрлары ашуға рұқсат берілмеді. Залдардың бірнеше ай бойы бос тұруы кәсіпкерлерді банкротқа әкелді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап. 

Қазақстандық кинотеатр иелері қауымдастығының мәліметі бойынша, олар 10-нан 15 млрд теңгеге дейін қаражатын жоғалтқан. Кәсіпкерлер қашан бизнестерін қайта қалпына келтіруге рұқсат берілетінін сұрады. Оларды коронавирустың екінші толқыны туралы айтылып жатқан болжамдар да қорқытып отыр. Өйткені бұл мәселе біраз уақытқа дейін ұзап кетейін деп тұр. 

Карантин қазақстандық кино бизнесін бес жылға шегеріп тастады. Залдар қаншалықты бос болса, оны қалпына келтіру соғұрлым қиын болады, деді қауымдастық президенті Мунира Ягудина. Қазіргі уақытта, ең алдымен, кәсіпкерлер өз жағдайларының анық еместігіне алаңдаулы. Кәсіпкерлердің айтуынша, оларға ешкім қалай жұмыс істейтінін және қандай жағдайға бейімделуі керек екенін түсіндірмеген.

Еліміздегі 92 кинотеатрдың жетеуі жабылып үлгерді. Көптеген кәсіпкерлер карантин жарияланғаннан кейін аша алмайтындықтарын айтады. Ягудинаның айтуынша, кинотеатрлар кез келген жағдайда жұмыс істеуге дайын. Егер қазан айында кем дегенде бірнеше фильм прокатқа берілсе, бұл олардың кәсібін сақтауға көмектеседі.

"Шын мәнінде не болып жатқанын толық түсінбей отырмыз. Театрлар қазірдің өзінде ашық. Біз қатты алаңдаулымыз. Шынымен не істерімізді білмей отырмыз. Біз қазірдің өзінде қандай жағдайда да ашылуға келісеміз", - деді Ягудина.

Көршілес Ресейде тамыз айынан бастап кинотеатрларға 85 аймақтың 75-інде жұмыс істеуге рұқсат етілді, дегенмен, олар санының көбеюіне байланысты біртіндеп қайта жабылуға дайындалып жатыр. Ресей кинотеатрлары иелерінің қауымдастығы коронавирустың екінші толқыны бұл саланы құртатынына сенімді.

Талқылау