Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда кинотеатрлар ашылатын болды: Ұсынысты мемлекеттік комиссия талқылауда

Қазақстанда белгілі бір шектеулерді ескере отырып кинотеатрлардың ашылуына рұқсат беруі мүмкін, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы тауарлар мен қызметтердің сапасын қамтамасыз ету комитетінің өкілі Ержан Байтанаев мәлімдеді. Оның сөзінше, қазіргі таңда кинотеатрлардың ашылуына рұқсат беру мәселесі қарастырылып жатыр. Алдағы уақытта жүзеге асуы мүмкін бірнеше нұсқаулықтар әзірленіп жатқан көрінеді.

"Қазіргі таңда комитет бұл мәселені талқылап жатыр. Жақын арада болатын коронавирустың таралуы бойынша ведомствоаралық комиссияға кинотеатрлардың қызметін қайта жандандыру туралы мәселені ұсынамыз. Бірақ залдар толығымен толтырылмайды. Сонымен қатар, басшылық карантин талаптарының толығымен сақталуын қамтамасыз етуге міндеттелетін болады. Біз ұсыныс тастайтын боламыз. Ал комиссия шешім шығарады. Тағы да бір нәрсені ескере кеткім келеді, шешім эпидемиялық жағдайды ескере отырып шығарылатын болады", - дейді Байтенов.

Сонымен қатар, маман театрлардың не себепті ашылғанын айтып берді. 

"Театрларда көрермендерді басқаруға болады. Олардың өз орындарында отырғанын еркін қадағалауға да болады. Ал кинотеатрларда шамдар сөндіріліп, сеанс басталғаннан кейін зал бақыланбайды, адамдар еркін қозғалады, орын ауыстырады. Бұл қауіп-қатер туғазып отыр. Сонымен қатар, театрдағы бір қойылымның ұзақтығы - 40-50 минут, ал кинотеатрда фильм шамамен екі сағаттай көрсетіледі", - деп түсіндірді комитеттегілер.

Еске салсақ, осыған дейін кинотеатр басшылары бизнестерінің құрдымға кеткені турлы айтқан болатын.

Оған қоса, Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин жақын уақытта қаладағы кинотеатрлар мен театрлардың ашылуы мүмкін екенін айтқан.

Талқылау