Қазақстанда кімдерге паспорт тегін беріледі?
"Азаматтарға арналған үкімет" МК бірқатар санаттағы азаматтардың паспортты тегін рәсімдей алатынын мәлімдеді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Шетелге шығарда әрбір баланың жеке паспорты болуы қажет. Ал бұл құжат ХҚО-да 12 жасқа толмаған балалар үшін әр 5 жыл сайын рәсімделеді.
Ал бала өскен сайын бет әлпеті де өзгеруі мүмкін. Сондықтан шекарада келеңсіз жағдайға тап болмас үшін төлқұжаттың мерзімі аяқталмаса да ауыстыру қажет. Ата-анасының бірі шетел азаматы болса, оның нотариалды куәландырылған келісімі керек.
Сонымен балаларға паспорт алу үшін керекті құжаттар тізімі:
- Туу туралы куәлігі (құжаттарды ресімдеген кезде баланың болуы міндетті);
- ата-анасының бірінің жеке куәлігі;
- баланың фотосуреті (оны ХҚО-да жасауға болады);
- баж төлемі туралы түбіртек (8 МРП).
Одан бөлек, паспортты "Алтын алқа", "Күміс алқа" иегерлері, мүгедектер, жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, сондай-ақ белгілі бір жеңілдігі бар санаттағы азаматтар тегін алады. Қосымша ақпаратты 1414 нөмірі бойынша білуге болады.
Рейхстагқа ту тіккен Рахымжан Қошқарбаев па, әлде тарихи шындық бұрмаланды ма?
“Ақиқат бәрін жеңеді, бірақ 50 жыл кешігіп жүреді" дейді тарихшы Болат Сайлан
"Жалаң қылышпен танктерге қарсы соғысқан": Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде жойылып кеткен 106-ншы атты әскери дивизия туралы не білеміз
Дивизия құрамына алынатын жауынгерлерге "оқып-жаза алуы керек және орыс тілін білуі керек" деген талап қойылды