Қазақстанда қай есірткі түрі ең танымал екені белгілі болды
Қазақстанда есірткі түрлерінің ішінде танымалдығы бойынша каннабис бірінші орында тұр. Мұны мәжілістің вице-спикері Дания Еспаева мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Еспаеваның хабарлауынша, Қазақстанда есірткі айналымының жылдық көлемі – шамамен 20-25 тонна.
"Оның 95 пайыздан астамы каннабис тобындағы есірткі, 5 пайызға жуығы синтетикалық есірткі және 1 пайыздан азы апиын, героин және басқа да түрлері", – деді вице-спикер.
Уәкілетті органдардың мәліметі бойынша, Қазақстанда биыл есірткі қылмысы үшін 3193 адам сотталды. Бұл елдегі барлық тұтқындардың 14 пайызына тең.
"Парламент осы саладағы шараларды күшейту бойынша заңнамалық түзетулерді қабылдады.Заң жобасы есірткі және психотроптық заттарды мемлекеттік бақылауға алу тәртібін реттеуге бағытталған", – деп қосты Еспаева.
Бұған дейін елімізде есірткіні қоғамдық орыннан бөлек үйінде немесе көлікте тұтынғандарға айыппұл салу шарасы талқыланды.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"