Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Айыппұлдың жаңа түрі: Қазақстандықтарды үйде есірткі шеккені үшін жазалау ұсынылды

Қазақстанда жаңа заң жобасы аясында үйде немесе көлікте есірткі қолданғандарға айыппұл салу ұсынылып отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Мәжіліс депутаты Снежанна Имашеваның айтуынша, 2014 жылға дейін есірткіні медициналық емес мақсатта қолданғаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылды. Бұл үшін жыл сайын 2,5 мыңға жуық қазақстандық жауапқа тартылатын. Содан кейін бұл үшін қылмыстық кодекс бойынша жаза қарастырылды, есірткіні қоғамдық орындарда шегуге тыйым салынды.

"Нәтижесінде, биыл тек 89 дерек тіркелсе, оның 30-ы ғана сотқа жолданды. Статистика бойынша республикада есірткі қолдану фактіледі азайып кетті. Себебі көпшілігі “мен үйде тұтындым” деп жауапкершіліктен оңай құтылады", – деді Имашева Мәжілісте өткен үкімет сағатында.

Қазір Мәжілісте есірткі мен психотроптық заттарды медициналық емес мақсатта қолдануды әкімшілік кодекске қайтаруға болатын заң жобасы қаралып жатыр.

"Нәтижесінде, қоғамдық орындарда есірткіні қолданғандар қылмыстық заңмен, ал үйде, көлікте, клубта, ойын-сауық орындарында шеккендер әкімшілік заңмен жазаланады", – деді депутат. 

Талқылау